Бразилияның экс-президенті жағдайы күрт нашарлап ауруханаға түсті

Oinet.kz 12-04-2025 127

Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонару 2018 жылы сайлауалды митинг кезінде пышақ жарақатын алған еді. Жұма күні ол қатты іш ауруына байланысты ауруханаға түскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Либералды партия өкілінің AFP-ға берген түсініктемесіне сәйкес, 70 жастағы Болсонару Риу-Гранди-ду-Норти штатындағы партия ұйымдастырған іс-шараға қатысқан. Кейіннен оның жағдайы күрт нашарлаған. 

Ақпан айында оған 2022 жылғы сайлауда жеңіліс тапқаннан кейін мемлекеттік төңкеріс әрекетін жасауға қатысты айып тағылды. Болсонару өз кінәсін жоққа шығарып, саяси қудалаудың құрбаны болғанын мәлімдеді. Егер айыптау үкімі шықса, ол ұзақ мерзімге қамалуы мүмкін.

Айта кетейік, сот процесі 2025 жылдың соңына дейін басталады деп жоспарланған.

«Қауіпті әрі бұрын-соңды болмаған деңгей»: Газа секторында қаза тапқандар саны 50 886 адамға жетті
«Бәрі Илонды жек көреді»: Лондонда белсенділер И.Маскқа қарсылық танытып, Tesla көлігінің талқанын ш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу