Толассыз жаңбыр мен найзағай салдарынан 90-нан астам адам мерт болды
Метеорологиялық қызмет өңірде алдағы уақытта әлі де толассыз жауын-шашын болатыны болжанды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.
— Сәрсенбіден бері Үндістан мен Непалдың кей жерлерінде тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан 90-нан астам адам көз жұмды, - деп хабарлады жергілікті билік.
Бихар штатының шығысындағы ауа райына байланысты табиғи апаттан 64 адам мерт болды. Бұл туралы Reuters агенттігіне төтенше жағдайлар басқармасының ресми өкілі ақпарат таратты.
Жергілікті басылымдар Үндістанның ең көп халық қоныстанған Уттар-Прадеш штатында 20-дан астам адамның қаза тапқанын жарыса жазуда. Ал Табиғи апаттарды басқару ұлттық басқармасы Непалда найзағай түскен және нөсер жаңбырдан зардап шеккен кем дегенде 8 адам ажал құшқанын мәлімдеген.
Үндістанның метеорологиялық департаментінің дерегіне сүйенсек, сенбіге дейін елдің орталық және шығыс бөлігінде күн күркіреп, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.