Астана ұл ма, қыз ба?

Oinet.kz 31-05-2019 1279

5_main.jpg

Қазақстанда дүние есігін ашқан 21 сәбиге Астана деген есім беріліпті. Сонымен бірге елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленген 16 923 азамат бар екен. 

…Бір апамыздың есімі Қағаз еді. Өткен ғасырдың басында дүниеге келген. Шамасы сол замандарда қағаз дегеніңіз қазіргідей ағыл-тегіл емес, өте қат, қат болғаннан кейін әжептәуір қадірі болса керек. Ал қазір не қат, ненің қадірі бар? 2011 жылы елімізде сәбилерге Азиада деген есім беру сәнге айналды. Астанада ОБСЕ саммитті кезінде Саммит деген сәбилердің қатары көбейген. 

Ресми мәлімет бойынша Астанада тәулігіне 65-70 сәби дүние есігін ашады екен. Ал биыл Елорданың туған күнінде Астанада 79 бала туылыпты. Бұл әдеттегі көрсеткіштен сәл көптеу. Тағы бір ерекшелігі биыл 6 шілдеде әдеттегіден тыс қыздарға қарағанда ұлдар (57/28) көбірек туылыпты. 

6 шілдеде дүние есігін ашқан сәбилердің құрметіне оларға сыйлықтар тапсыру соңғы бес жылда қалыптасқан дәстүрге айналды. Бірақ бір таңқаларлығы, биыл Астанада туылған сәбилерге жұртшылық әдеттегідей Нұрсұлтан, Астана деген есімдерді бермеген. Астана мен Нұрсұлтан да ескіре бастаған есімге айналған сияқты . Қасиетті Ораза айы болғандықтан ер балаларға Рамазан деген атау көбірек беріліпті. Бұдан кейінгі көп қойылған есімдердің қатарына мыналар жатады: Ерсұлтан, Расул, Артем, Ернар, Омар, Дмитрий. Ал қыздарға Аида, Томирис, Аделина, Нағия, Алуа және Сания деген есімдер лайық көріліпті.

...Айтқандай, жадыңызда жүрсін,  Астана деген тек қыз балаға қойылатын есім. 

Мұрағаттан, 2015 ж

Қарақалпақстандағы «Жаслық» түрмесі жайында не білеміз?
«Түркістан» көрерменге жол тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу