Айгүл Қапбарова Сенат сайлауына түспек

Oinet.kz 16-05-2019 1499

1557996932739296.jpg

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясында Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенатына «Шымкент Медиа» МКК директор – бас редакторы Айгүл Қаппарова ҚР Парламенті Сенатының  депутаттығына үміткер ретінде ұсынылды. 

1997 жылдан бері Облыстық телерадиокомпанияда редактор-тілші, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде саясат бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған журналисті бұл орынға «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов ұсынды. 

Сонымен қатар, сессияда Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Нұржан Нәлібаев Айтуар Балықбаевты қалалық тексеру комиссиясының мүшесі ретінде тағайындауды ұсынды. Айтуар Еркінбекұлы бұған дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде мемлекеттік аудитор қызметін атқарған. Түркістан облысы Төле би ауданының тумасы.  

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы болды. Бұл ретте қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова:  

– ҚР бюджет кодексінің №163 бабы 2 тармағына сәйкес конкурстан оң қорытынды алған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы ретінде міндеттеме алыну керек. Соған сәйкес Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы балалар, спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау жобасы бойынша 2019-2024 жылдарға 1 млрд 590 млн теңгеге мемлекеттік міндеттеме алуды ұсынамын. Бұл жобада 24 балалар ойын алаңдарын орнату, 34 ашық спорт, 5 тренажерлік алаңшаларын салу және аудан әкімдігі салып берген 25 спорт 8 тренажер алаңшаларын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары көзделген. Осыны бекітіп берулеріңізді сұранамыз,-деді.  

№3 округтің депутаты Бахадыр Салимов төрағалық еткен жиында аталған үш мәселе бойынша бір ауыздан шешім қабылданды. 

Соңында сөз сөйлеген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Айгүл Қаппароваға сәттілік тілеп, осы және келесі жылы қаладағы бүкіл алаңшаларды 100 пайыз абаттандыруды және заманауи құралдармен   дайындауды қолға алатынын жеткізді. «19 – маусымда қала күнін тойлаймыз. Президентті сайлаймыз. Соған дайындалайық»,-деген шаһар басшысы  жиналғандарды рамазан айымен құттықтап, сессияны аяқтады. 

Д. МЕЙІРМАН. 

Суретті түсірген Береке Сейітжаппар

Арабша есімге еліктеу етек алып барады
Бақсы, балгерлікпен айналысу және оларға сену күнә ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу