Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан қандай жәрдемақы беріледі?

Oinet.kz 07-03-2019 1027

305-1476211480-2c5eee9b38.jpg

Көпбалалы отбасылар қатарына 4 немесе одан да көп балалары бар отбасылар жатады. Жәрдемақы балалар бір ата-анадан туған жағдайда, 18 жасқа толғанша төленеді.

Көпбалалы отбасыларына берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алу үшін қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік;

  • ЖСН;

  • мекен-жайы анықтамасы немесе үй кітабы;

  • жеке есепшот немесе карточкалық шот нөмірі;

  • отбасы құрамы туралы анықтама (МЗТО-да толтырылады);

  • балалардың туу туралы куәліктері; 

  • егер бала орта, техникалық және кәсіби, орта білім беруден кейінгі, жоғарғы оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын болса, оқу орнынан анықтама (оқу бітіргенше жыл сайын).

 Барлық құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері қалалық МЗТО-ға (Мемлекеттік зейнетақыны төлеу орталығы) ұсынылады.

 Кәмелет жасына толмаған төрт немесе одан көп балалары бар отбасылар ай сайын 8246 теңге (4,16 АЕК) алады. «Алтын алқа» (7 және одан көп балалары бар) және «Күміс алқа» (6 және одан көп балалары бар) аналардың ай сайынғы жәрдемақысы 12685 теңгеге (6,4 АЕК) өскен. Осы екі марапаттарды алу үшін, жергілікті әкімдіктің халыққа қызмет көрсету бөліміне бару керек. Олар өтініштерді облыстық әкімдікке жібереді. Бұл жерден Президент әкімшілігіне жолданып, сол жақта нақты бекітілгеннен кейін, кітапшасы мен марапат тағайындалады.

Дереккөз : anabol.kz

Сұрағыңыз болса...
Енем балаларымды ұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу