Зейнетақы орта есеппен 51 пайызға дейін өседі - Тамара Дүйсенова

Oinet.kz 07-02-2023 12596

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы қалай өсуі мүмкін екенін айтты.

Screenshot_5.jpg

"2023 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан 70 пайызға дейін, ең жоғары 100 пайыздан 120 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр", - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Сенатта Әлеуметтік кодекстің таныстырылымы барысында.

Оның айтуынша, оған дейін базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51 пайызға дейін көтеріледі. Бұл ретте базалық зейнетақының орташа мөлшері жыл сайын шамамен 13 пайызға өседі және бұл барлық екі миллион зейнеткерге әсер етеді.

"Ұсынылған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді (үш жыл ішінде 109 мыңнан 138 мыңға дейін - еск.) ", - деді министр.

Халық Аймағамбетовты қоршап алып жібермей қойды (видео)
Билік Назарбаевты қыса бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу