Халық Аймағамбетовты қоршап алып жібермей қойды (видео)
Бүгін Астанада "Аманат" партиясының съезді өтті. Съезде Мәжіліске депутаттықтан үміткерлердің тізімі жарияланды. Тізімде бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов те бар.
Бүгін жиыннан соң съезге келген халық Асхат Аймағамбетовты қоршап алып жаппай фотоға түсумен болады.
"Халықтың риясыз махаббаты дегенің осы болса керек. "Amanat" партиясының съезінде экс-министр Асхат Аймағамбетов жұлдызға айналды. Кеткен шенеуніктің мұндай қадірлі болғаны жоқ шығар" - деп жазды желі қолданушылары.
Жиында экс-министр қандай жиын болса да, ұстаздар жұмысқа тартылатынын еске салды.
"Қазіргі уақытта ұстаздардың мамандығы тартымды мамандықтың біріне айналды. Бұл мамандыққа үздік түлектер бармайтын. Ал қазір керісінше, ҰБТ-ның орташа балы 100 ұпайға жетіп қалды. Ертең мектептерімізге өте мықты, сауатты мұғалімдер келеді. Міне, өзгерістер осыдан басталады", - деді Аймағамбетов.