Билік Назарбаевты қыса бастады
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте тұңғыш президент пен оның кітапхана қызметін қамтамасыз етуге шамамен 6 миллиард теңге қарастырылған. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржыландыруды қысқарту мәселесі жоспарланғанын айтты.
“Біз жылдан жылға барлық шығындарды оңтайландыратын боламыз. Соның ішінде кітапханаға жұмсалатын шығындар да қысқарады”, - деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында.
Қаржы министрі шығындарды қысқарту мәселесі наурыз айында бюджетті нақтылау кезінде қаралатынын айтты.