Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
-Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.
-Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.
-Күлімдеу: өздігінен берілмейінше, ешкімнің кәдесіне жарамайды.
-Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.
-Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.
-Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.
-Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.
-Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.
-Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.
-Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.
-Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.
-Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз.
-Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.
-Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.
-Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.
-Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық.
-Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.
-Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу.
-Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.
-Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз.
-Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі.
Дереккөз : anabol.kz