Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Қателесесіз, мүмкін екен... Оған қоса , жасының егде тартқанына қарамастан алғаш рет...
Дәрігерлер көп жағдайда 45-жастан асқан әйелдердің бала тууға қабілетінің төмендейтінін алға тарта-тын. Бірақ, Үндістандық Далжиндер Каур бұл ережені жоққа шығарды. Бұл туралы Bangkok Post желілік басылымы хабарлады.
45 жастан кейін әйелдердің бала көтеру мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді, ал 50 жастан асқан аналар дені сау бала тууы - сирек кездесетін жағдай деп саналады. Әйелдер 70 жастан асқан соң ана болуды армандамайды да, себебі бұған мүмкіндік өте аз.
Үнділік әйелдің некеге тұрғанына 46 жыл болса да, бала көтере алмаған. Алайда Каур мен оның 79 жастағы жұбайы қартайса да, ата-ана атану үмітін үзбеген. Ерлі-зайыптылар ол үшін репродуктивтік медицинаға жүгінбек болып, Харьяна штатында орналасқан отбасын жоспарлау орталығына барады.
Үнділік дәрігерлер керемет іс атқара алды - Далжиндерге салынған ұрық дамып, ол дүниеге дені сау, салмағы екі келі баланы әкеле алды. Егде жастағы ерлі-зайыптылардың ұлы 19 сәуірде туылса да, баспасөз өкілдеріне бұл туралы тек жақында белгілі болды. Үнділік басылымның атап өтуінше, ата-ана атанған қарттар өте бақытты және Құдайға шексіз алғысын жаудырып жатыр.
Дереккөз : anabol.kz