Тоқаев: «Тұрғындарды сан соқтырған алаяқтардың көбі заң алдында жауап береді»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елордада 49 проблемалық нысан барын, 13,5 мың үлескер құрылыстың аяқталғанын күтіп жүргенін атап өтті. Қала әкімі Алтай Көлгінов кейбірінің жобалық-сметалық құжаттамасы дұрыс болмағанын алға тартты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Тұрғындарды сан соқтырған алаяқтардың көбі заң алдында жауап береді. Олар құжаттарын жоғалтып алған немесе бермей қойған. Осы уақыт бойы біз құжат дайындаумен айналыстық, қаржы институттарымен, екінші деңгейлі банктермен, орталық атқарушы органдармен жұмыс істедік", - деп жауап берді Көлгінов.
Осы орайда мемлекет басшысы қазір алаяқтар көбейіп кеткенін айтты.
"Әсіресе, құрылысшылар арасында көбейді. Бас прокуратура мен ішкі ісер министрлігіне осы мәселемен нақты айналысуды тапсырамын. Алаяқтар түрмеде отыру керек. Себебі олар өз әрекеттерімен азаматтарымыздың құқын аяққа таптап жатыр. Біздің азаматтарды алдайды, далада қалдырады. Мұндай жағдайда мемлекет үнсіз қалмауы керек. Тиісті шара қабылдап, баяндаңдар", - деді Тоқаев.