Президент Нұр-Сұлтанда азық-түліктің бағасы қымбат екенін айтты

Oinet.kz 08-10-2019 1123

Картинки по запросу Азық түлік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік және күнделікті өмірге қажетті тауарлардың бағасы қымбат екенін айтты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте талқыланды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік және күнделікті өмірге қажетті тауарлардың бағасы қымбат екенін айту керек. Бұл белгілі мәселе. Мысалы ұн бағасы елдегі орташа бағадан 18,2 процентке, сүзбе 17 процентке, пияз 14,5 процентке, күнбағыс 9,6, сиыр еті 6,7 процентке жоғары. Бұл қалада тиісті инфрақұрылым және азық-түлік белдеуі орнықпаған деген сөз», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елордада сауда орындары тапшы. Ұйымдастырушылар көбіне белгілі бір саудагерлерге ғана мүміндік береді. Яғни, бәріне бірдей жағдай жасалмайды. Елорда әкімдігі мен көршілес облыстар арасындағы байланыс өз деңгейінде емес.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, тауар өндірушілер мен сауда желілері арасында тікелей байланыс орнату мәселесін реттеуді тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.

Тоқаев: «Тұрғындарды сан соқтырған алаяқтардың көбі заң алдында жауап береді»
Аудан әкімінің орынбасарына пара алғаны үшін 6 млн теңге айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу