Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Сайлау аяқталды. Ал Әблязовтың «мыңдаған революционерлер қалаларда көшелерге шығып, заңды билікті құлатады» деп уәде бергені қайда қалды? Іс жүзінде ештеңе болған жоқ. Оның көздегені шындықпен еш байланысы жоқ. Тек армандап, қиялдап қойды.
Митингке ешкім шықпады. Ешкім Мұхтардың ақылға қонымсыз арманын орындауға тырыспады. Алаңдар бос тұрды. Қазақстандықтар сайлау учаскелеріне барып, Тоқаевқа және оның «Әділетті Қазақстанды» құру бағдарламасы үшін дауыс берді. Әрине, осыдан кейін Әблязов бүкіл Қазақстанға масқара болды. Ол не болғанын қайтып болса да түсіндіру үшін тіпті, айтарға сөз таппады.
«Көңілдеріңіз қалды. Ондаған мың наразылық білдірушілер қайда? Неліктен біз бүгін режимнің құлағанын көрмедік? Сіз мұны түсінбейсіз! Мен мұның бәрін Instagram-да тікелей эфирде талқылауды ұсынамын. Режимнің құлауы үшін не істеу керек? Осы туралы өз көзқарасыңызды айта аласыз», – деп Әблязов телеграмында жазды.
Бұл жазба кім үшін жазылған? Бәрі анық қой. Мұхтармен байланысып, хат алмасатын боттарға арналған. Өйткені бірде-бір ақылды адам болмаған революцияны талқылау үшін жеңілген адамның эфиріне кірмейді. Өзі талқылайтын түк жоқ. Әблязов – банкрот!
Бұл сайлау күнінен соң Әблязов Қазақстанда ештеңеге ықпал ете алмайды. Сайлау оның түкке тұрғысыз екенін тағы бір дәлелдеді.
Тоқаевтың 80% нәтижемен жеңіске жетуі – қазақстандықтардың бүгінгі таңдауы революциялармен емес, реформалармен байланысты екенін айқындап берді. Тоқаев іс жүзінде мұны қалай істейтінін, өзгертуге ниетті екенін және бұл бізге не беретінін көрсетті.
Азаматтар алдымен, референдумда, кейін сайлау барысында реформалардың тиімділігін ойлап, таңдауын жасады. Алдағы 7 жыл осы жолда шешуші рөл атқарады.
Гаухар Шілікбаеваның Facebook парақшасынан