Жигули Дайрабаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевқа халықтың 3,33 пайызы дауыс берді. Бұл «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген экзитполдың алғашқы деректері, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кандидат Жигули Дайрабаеыв дауыс беру қорытындысынан соң халыққа үндеу жасады.
- Халық өз таңдауын жасады. Ең алдымен маған сеніп дауыс берген сайлаушыларыма шын жүректен рахметімді айтамын. Саяси науқанда айтылған бағдарламамыз тек сайлаумен тоқталмайды. Бағдарламамызды жүзеге асырып, қарапайым халықтың жағдайын жақсарту үшін күш жігерімді арнаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтаймын. Ел игілігі үшін қызмет етеді деп кәміл сенемін. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына ел басқару ісінде табыс тілеймін, – деді Жигули Дайрабаев, ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев.