Ердорған Путиннің досы
23-05-2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Декларацияға қол қойды.
Айта кетейік, Тоқаев Ресейге өткен жексенбі күні кешке келген. Бұл оның президенттік қызметке қайта кіріскеннен кейінгі алғашқы ресми сапары.
Орынборда өткен өңіраралық форумның пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстар белсенді дамып келетінін атап өткен.
"Қазақстан үшін Ресей Федерациясы негізгі стратегиялық серіктес мемлекет болады және солай болып қала береді. Бізді түрлі саладағы терең қарым-қатынастар байланыстырады. Сіз Өңіраралық ынтымақтастық форумының кезекті отырысын меңзедіңіз. Бұл жолы ол Орынборда өтіп жатыр. Біздің одан әрі ілгерілуімізге елеулі негіз бар. Біздің елдеріміз арасындағы сауда көлемі пандемияға байланысты қиындықтарға қарамастан 24,5 миллиард долларға жетті. Ресей капиталының біздің елімізге бағытталуына қатысты үлкен жоспарымыз бар. Мен Мемлекет басшысы ретінде және біздің Үкіметіміз өзара тиімді шарттар негізінде Ресей капиталы Қазақстанда тұрақты жұмыс істеуі үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму деңгейіне көңіліміз толады деуге негіз бар. Сонымен қатар алға ұмтылу керек, дәл осы мақсатпен мен осында арнайы сапармен келдім", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ресей Президенті сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстардың жоғары деңгейі мен ерекше сипатын атап өтті.
"Әрине, Қазақстан Президентімен жиі кездесіп тұрамыз, жақында ғана жүздескен болатынбыз. Біз әрқашан әр кездесуімізде өзекті мәселелерді талқылаймыз. Ең алдымен, экономика мәселесін көтереміз. Өйткені бұл – біздің барлық саладағы табыстарымыздың негізі. Біз оны жоғары бағалаймыз. Жаңа ғана тұрақты түрде өтетін Өңіраралық форумға қатыстық. Онда да біздің әріптестер айтарлықтай нақты нәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін, себебі сауданың дені шекаралас аймақтар арқылы өтеді. Адамдар бір-бірімен араласады, бір-бірінің мүмкіндіктерін жақсы біледі. Біз қазір 2021 жылы тауар айналымының өскенін атап өттік. 2022 жылы да тұрақты артып келеді. Сондай-ақ дәстүрлі бағыттарда, жоғары технологиялық салаларда жұмыс істеп жатырмыз, бұл болашақ үшін өте маңызды", - деді Путин.
Қазақстан мен Ресей президенттері дәстүрлі түрде өзара сенім мен конструктивті негізде екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту жолдарын айқындады. Өнеркәсіптік қатынастар мен көлік-логистика саласындағы экономикалық іс-әрекеттерді күшейту басты міндет болып қала береді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Декларацияға қол қойды.