Путин бес қазақстандықты арнайы марапаттады
28-03-2023
Балтық теңізі жағалауындағы НАТО-ға мүше Польша мен Литва арасында орналасқан сэндвич қала - Калининградқа баратын жолды Литва ЕО-ның санкция талабы бойынша жауып тастады.
Бұған орыстар Халықаралық заңдарды көлденең тартып, кезіндегі келісімдерді көлденең тартып, әділетсіздік деп тыпырлап жатыр. Бір жағынан қорқытып, бір жағынан айыптап, бір жағынан бұрынғы келісімдерді нұсқап, жаны шығып барады. Бейне бір баласына сөзі өтпейтінін мойындағысы келмейтін заржақ қария секілді.
Ресей сыртқы істер министрлігі:
"Біз Калининград транзитін тез арада қалпына келтіруді талап етеміз. Әйтпесе, жауап шаралары қолға алынады" - деп өктемсіді.
"Ресей мұндай дұшпандық әрекеттерге сөзсіз жауап қайтарады", - деді, Патрушев. - "Қолданған шаралар Литва халқына елеулі кері әсер ететін болады."
Ал, Литва премьер-министрі Ингрида Симоните былай деді:
"Мүмкіндігінше әрбір халықаралық шарттарды түгел бұзып шыққан Ресей секілді елдің өзге бір елді халықаралық шарттарды бұзды деп риторикаға салынғанын есту өте күлкілі болды."
"Біз Калининградқа блокада жасаған жоқпыз," - деді ол, - "Литва жай ғана Еуроодақ санкцияларын жүзеге асыруда."
Haidar Alphy-дың Facebook парақшасы