Путин Литваға бүгін соғыс ашуы мүмкін

Oinet.kz 22-06-2022 5076

Ресейдің қазіргі сыртқы саясаты "айтқанымды орындамасаңдар, күшпен орындатамын" дегенге саяды. Еуродақ санкциясы бойынша Литва Ресейдің Калининградқа баратын темір жолын кесіп тастады. Енді Ресей мынадай 5 түрлі амалдың бірімен, немесе бірнешеуімен Литваға соққы беруі мүмкін. 

Screenshot_13.jpg

1) Ресей Литваның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартады. Ресей бірден басып кірмесе де, бұл Литва үшін қай-қашанғы сыртқы қауіпке айналып, үздіксіз үрей туғызады.

2) Литваның шекара сызығын мойындамау. Бұл жаңа соғысқа себеп болуы мүмкін.

3) Литваның Клайпеда қаласын басып алу. Бұл деген жаңа соғыс деген сөз.

4) Польша мен Литва территориясынан Калининградқа баратын 100 км-лік Сувалк коридорын ашу. Бұл деген жаңа соғыс деген сөз.

5) Литваға Ресейден баратын газ бен мұнайды үзіп тастау.

Ресейге жол беру Ресей үшін әлсіздік саналады. Литва да артындағы НАТО-ға сеніп, Ресейдің соғыстан қалжырай бастағанын түсініп: "Ресейдің Литваға қысым жасауға құқы жоқ" деп ашық айтты.  НАТО-мен соғысуға Ресейдің жүрегі шыдар ма екен, қарайық енді.

Haidar Alphy-дың Facebook парақшасынан

Ресей енді Литваға соғыс ашуы мүмкін
«Седая ночь» әнінің авторы Шатунов дүниеден өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу