Путин бес қазақстандықты арнайы марапаттады
28-03-2023
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов халыққа ақша таратуды ұсынды. Оның сөзінше, бағаны ұстап тұру үшін 100 миллиард бөлінген. Алайда мұның еш пайдасы тимегенін мәлімдеді.
"Пайдасы жоқ. Одан да бұл қаржыны тікелей халыққа таратып берген дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бағаның көтерілуінен бірінші солар зардап шегеді. Егер бағаны ұстап тұра алмасаңдар, тікелей халықты қолдаңдар, әлеуметтік қорғалмаған топқа субсидия беріңдер. Ақшаны сауда желісіне таратқанға қарағанда пайдасы көп боларына сенімдімін", – деді депутат.