Дикий Арман Қаңтар қырғынында 200 мың теңгеден таратқан

Oinet.kz 20-06-2022 1369

Бас прокуратура "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты тергеу материалдарын жариялады.

Screenshot_11.jpg

"Қылмыстық ортада "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың біріне және Алматы қаласында "Қазақстан" қонақүйіне келгендерге "Glock" және "Макаров" маркалы тапаншалар таратылды. Осы уақытта қаруланған адамдар ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды", – деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

"Сондай-ақ атыс қаруы мен 200 мың теңге ақша таратылды. Қатардағы серіктестер суық қару мен денеге зиян келтіруге болатын басқа да заттар алды. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушының сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан. Аталған қарулы топтар қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, Ритц-Карлтон және "Қазақстан" қонақүйлерінің паркингтерінде ұстаған. Артынан жәбірленушілер қаланың шетіне шығарылып, темір контейнерге қамалды. Ол жерге күзет қойылған", – деп атап өтті Шалабаев.

Депутат 100 миллиард теңгені халыққа үлестіріп беруді ұсынды
«Доғарыңыз!» Ауыр операциядан шыққан жігітті әскерге күштеп әкетпек болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу