Путиннің талай жыл жасырған түпкі мақсаты белгілі болды

Oinet.kz 20-06-2022 1678

Ресейдің әккі саясаткері, Ресей билігіне оппозициялық көзқарас ұстанатын Геннадий Гудков Путиннің Украинаға қатысты ұстанымы мен Ресей империясын құруды аңсайтыны  жайлы ашық айтты. Федералдық қауіпсіздік қызметінде (ФСБ) болған ол 2014 жылы Украинадағы төңкеріске қатысты Путин ызаға булығып қалғанын айтады. 

Screenshot_7.jpg

"Ұзақ жылдар бойы Путин Ресей империясын қалпына келтіру керек деп санады. Ол үшін төрт мемлекетті қосу керектігін меңзейтін, олар Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан. Артынша ол Молдова, Армения мен Грузия өз еркімен қосылады деп санады. Алайда Путин Ресей мен Украина арасындағы әріптестік пен одақтастықсыз империяны құру мүмкін емес деп санады. Мысалы Ресей мен Қазақстан арасында одақ болса, алайда ол одаққа Украина кірмесе ол ұзаққа бармайтын еді. Өйткені ортақ тарих, ортақ мәдени кеңестік, ортақ дін деген факторлар бар. Жүздеген жылдар бойы өзара ортақтық болды. Путин Украина Ресей империясының ең маңызды бөлшегі деп санады", - дейді Гудков.

"2014 жылы Украинада төңкеріс болған сәтте, Путин ашуға булықты. Ол тіпті өзін ұстай алмайтын күйге түсті. Қолындағы барлық затын лақтырып, айғайға басты. Эмоциясын бақылай алмады.  Сол сәттен бастап ол жүрегіне кек тұтып қалды. Ол Украинадан кек алып, оны талқандап, режимін ауыстырып, ақыры империяға қосуға барын саламын деп шешті", - дейді саясаткер.

"Ол кек алу үшін керемет дайындалды. Әскерін дайындықтан өткізіп, әскери доктринаны Патрушев қайта жазып шықты, Ресей ішіндегі оппозицияны басты, жаншыды. Ол соғысқа дайындықты мүлтіксіз жасады. Тәуелсіз БАҚ-ты тұншықтырып, қарсы шығушыларды жойды. Соғыстан қашып құтылу мүмкін емес еді", – дейді саясаткер.

Гудковтың ойынша Ресей билігі 2008 жылы Батыс Грузияны нақты қолдамағандықтан, Украинаны да нақты қолдайды деп ойламаған. "Алайда Киев екі күнде құламады және Ресей билігі ұзақ соғыс жоспарын ойластырмады, дегенмен Кремль орасан шығынға қарамастан шегінуді ойламайды" дейді ол.

Асхат Қасенғалидің Facebook парақшасынан

Асхат Аймағамбетов не үшін Қазақстандағы ең мықты министр екені белгілі болды
Депутат 100 миллиард теңгені халыққа үлестіріп беруді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу