Ресейге «ақылды» санкциялар салынады

Oinet.kz 21-04-2022 4019

Батыс Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін жария етті. Жан-жақтан күннен-күнге құрсаулап бара жатқан санкциялар ақыр түбі Ресейді тұралатуы әбден мүмкін.

Screenshot_7.jpg

Еурокомиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, бұл жолғы санкция банк пен энергетика саласына қолданылады. 

-Біз банк секторын, оның ішінде Сбербанкті қарастыруды жалғастыра береміз. Өйткені аталған банктің Ресейдің банк саласындағы үлесі 37 пайызды құрайды, -депті төрайым ақпарат құралдарына берген сұхбатында. 

Төрайымның сөзіне қарағанда келесі санкциялар пакеті мұнайға қатысты болады. Бұл санкция «ақылды механизмдер» арқылы салынатынға ұқсайды. Ляйеннің ойынша, санкциялардың басты мақсаты соғысып жатқан Ресей билігін қаржылық жағынан әлсірету екен. 

Алайда санкцияның салқыны ешқандай жазығы жоқ қарапайым азаматтардың өміріне, тұрмысына кері әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Сонда мұның соғыс қатыгездігінен не айырмашылығы бар?! 

Қоғамдық кеңес шу шыққан мәдениет басқармасының мәселесін талқыламақ
Мырзағалиевтің Әлиямен не байланысы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу