Кентау әкімінің пара алғаны туралы Тоқаевқа арнайы жеткізілді

Oinet.kz 04-03-2022 1247

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың ұсталғаны туралы мемлекет басшысы Тоқаевқа белгілі болды. Бұл хабарды Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов жеткізді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_2.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы атқарған жұмысының нәтижелері және резонанс тудырған қылмыстық істердің тексерілу барысы туралы есеп берілді.

Ұсынылған деректерге сәйкес 2 айдың ішінде 240 адамның, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені әшкереленді. Олардың қатарында 1 вице-министр, 1 қала әкімі және облыстық басқармалардың 11 жетекшісі бар. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің құны 5,4 миллиард теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.

Screenshot_1.jpg

Бұл жерде 1 қала әкімі деп - Түркістан облысындағы Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановты айтқан болу керек. Себебі ресми ақпараттарда Махажановтан басқа ұсталған қала әкімі туралы дерек жоқ. 

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Журналистер Путиннің өтірігін әшкереледі
Кентау КСРО-ның құрамынан қашан шығады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу