Журналистер Путиннің өтірігін әшкереледі

Oinet.kz 04-03-2022 3696

OINET.KZ - Ресей президенті Владимир Путин 3 наурызда Франция президенті Эммануэл Макронмен болған әңгіме барысында «Ресей армиясы Украина қалаларын атқылап жатыр» деген ақпараттың өтірік екендігін мәлім етті. 

Screenshot_9.jpg

Ол:

- Бірінші кезекте Украинаның бейтарап болғанын қалаймыз. Оның аумағынан Ресейге ашқандай қауіп төнбеуі тиіс,-деген Путин. 

Путин «Ресей Киевті де атқылап жатыр» деген ақпараттың да жалған екендігін мәлім етті. 

-Мұның бәрі де өтірік, антиресейлік дезинформация,-деді ол. 

Дегенмен news.bigmir.net порталы Путиннің бұл айтқандарына қарсы Ресей армиясының шабуылынан қираған Украина қалаларының фотоларын жариялады.

Қадыров: Екі-ақ күнде Украинаның тас-талқанын шығарамын
Кентау әкімінің пара алғаны туралы Тоқаевқа арнайы жеткізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу