Кентау КСРО-ның құрамынан қашан шығады?
Созақтан Түркістанға жолға шықтым. Қазақтың кең байтақ даласына тамсанып, Қаратаудың кереметіне көзім тоймай келе жатырмын. Әсерге бөленіп, көне қалаға қалай тап болғанымды аңғармай қалыппын. Кеңес үкіметі кезінде қабырғасы қаланған ескі үйлерді, шұрқ тесік жолдарды 70-ші жылдарға ұқсаттым. Өңіммен түсімді айыра алмай әлек болып жатқанымда алдымнан «да здравствует СССР» деп Ленин атам тұр. Тура кинодағыдай. Қабырғаға ілінген көк тақтайша ғана бүгінді өткеннен айырып тұрғандай.
Бұл ескі ғимарат вальстің королі Шәмшінің атымен аталады екен. Сіз бен біз білетін Шәмшінің бейнесі басқа еді. Мүмкін кентаулықтардың қиялындағы композитор осындай шығар. Қалай ойлайсыздар?
Айка Айтаханованың Facebook парақшасынан