Қонаевтың аты қайтарылды. Мырзахметов қателікті түзетті

Oinet.kz 15-09-2011 1100

«Дінмұхамед Қонаев атауын алып тастады. Бұл білместік пе, әлде әдейі әрекет пе?». Өткен айдың 25-і күні "Рейтинг" газетінде осындай тақырыппен мақала жарық көрген болатын. Онда Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мектеп-лицей кәсіптік лицей ретінде қайта құрылып, құжаты рәсімделгенде келер жылы 100 жылдығы тойланатын кемеңгер, тұғырлы тұлға Дінмұхамед Қонаев атауы білім ошағынан алынып тасталғанын жазғанбыз. Мұның үлкен қателік болғаны қалың оқырманның қатты қынжылысын туғызған еді. Бірақ, бұл әдейі әрекет емес, білместік  болып шыққанына қуандық. 

Screenshot_4.jpg

Облыстық ономастикалық комиссияның төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей араласуымен әлдекімдердің сауатсыздығы мен жауапсыздығы салдарынан абайсызда кеткен қателік дер кезінде түзетілді.  8 қыркүйектегі №223 қаулыға сәйкес білім ошағына Дінмұхамед Қонаев атауы қайтадан қайтарылғанын мектеп директоры Ирисмат Исмаиловтың өзінен  естідік. Газеттің дабыл қаққанына, қоғамдық пікір туғызғанына, жанайқайын жауапты басшыларға жеткізуге атсалысқаны үшін ол зор ризашылығын білдірді. «Дінмұхамед Қонаев атауын  бір кездері мектепке әперуге қалай жанкештілікпен күрессем, енді алынып тасталған атауын қайтадан қайтаруға да сондай жанкештілікпен күресемін, жеңіске жетпей тынбаймын» деген еді директор И. Исмаилов. Елдің қолдауына сүйенген абзал азамат екінші рет жеңіске жетті. Бәрекелді!

Оралбай Әбдікәрімовтің бір тақырыпқа қайта-қайта орала беретіні несі?
Мұрагер. Тимур Құлыбаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу