Педофилдің құрбаны болған жас қыздың тағдыры
Қазіргі қоғамда «педофил» ұғымы кеңінен тарап жатыр. Күнделікті теледидар мен ғаламтоды қосып қалсаңыз «кішкентай қызды педофил зорлап, өлтіріп кетіпті» деген сынды ақпараттарды көптеп оқимыз. Осы тұста менің есіме бір оқиға оралады.
Бұл оқиға біздің кішкентай кезімізде болған. Ауылдың орта тұсында қарапайым отбасы өмір сүретін. Ерлі-зайыптылар отбасы құрған соң бірнеше жыл дегенде балалы болып, дүниеге гүлдей құлпырған Гүлбаршын есімді қыз бала келді. Бұл жаңалықты естіп бүкіл ауыл қатты қуандық. Расыменде, біздің ауыл тұрғындары біреудің қуанышына қосыла қуанатын ақжарқын адамдар еді.
Гүлбаршыннан соң жеңгеміз дүниеге егіз ұл әкелді. Бұл уақытта Гүлбаршын 6 жасар болатын. Көшеде балалармен доп қуып, ойнап жүрген ерке қыз болды. Бір күні анасы Гүлбаршынды түстен соң көрші үйге бір зат алып келуге жібереді. Бірақ сол кеткеннен кейін қыз үйге оралмады. Анасы шарқ ұрып көшені іздеді. «Гүлбаршын жоғалды» деген хабар бүкіл ауылға тарап, барлық адамдар қызды іздей бастады. Ауылдың түкпір-түкпірінен іздеп, таппаған соң полицияға хабар берді.
Бүкіл ауыл тұрғындары қатты қиналды. Көз алдымызда еркелеп, ойнап жүрген ерке қыздың жоғалғаны біздің алаңдатты. Екі күннен соң ауылдың сыртындағы жардың жанынан ауылдағы үлкен кісілердін бірі естен танып қалған Гүлбаршынды тауып алыпты. Бірден жедел жәрдем шақырып, оны дәрігерге апарғанымен қыздың екі бүйрегі де істен шығып, жарамсыз қалыпқа айналыпты.
Кейіннен қыздын айтуына қарағанда оны көшеде бейтаныс екі ер кісі алып кетіп, ауыл сыртындағы жарда бірінен соң бірі зорлап, өлімше етіп қинаған. «Жұмыстары» біткен соң қызды тастап, өздері жоқ болып кеткен көрінеді.
Бір өкініштісі, сол оқиғадан соң ерке Гүлбаршын психикалық ауруға шалдығып, өзінін не істеп жүргенін білмейтін жындыға айналды. Өміріндегі осы «қаралы» оқиға Гүлбаршынның тағдырын талқан етті.
Гүлдей құлпырған, ерке Гүлбаршынның тағдыры барша ауыл жұртын қатты алаңдатты. Анасы қызының тағдырынын шайқалғанын уайымдап, қатты стресстен қант диабеті ауруына шалдықты. Мен кейде ауылға барғанымда солардын үйіңе барып тұрамын. Ерке Гүлбаршынның бір қуыста өз-өзімен сөйлеп отырғанын көріп, жүрегім қатты ауырады. Оған жаным ашиды. Бірақ тағдыр.......