Біздер де ғашық болғанбыз

Oinet.kz 23-07-2020 2410

Ғашықтық әлемдегі ең ұлы сезімдердің бірі. Неге дейсіз бе, өйткені махаббат пен ғашықтық бар да әлем әсемденіп, айнала құлпыра түсері анық. Барлық жаратылыстын жаралуы әуелі махаббаттан бастау алады емес пе?!

Махаббаттың түр-түрі бары рас. Ал ең әуелгі махаббат Жаратушыға болған риясыз сенім! Кейіннен ер мен әйелдін бір-біріне деген шексіз махаббат сезімі. Бірін-бірі сүйіп, бірінсіз өмір сүре алмайтындай дәрежедегі махаббат. 

Me5Hcs6K326X3ulpCn4lLLHeM4x1Zi.jpg

Осы тұста мен үлгі тұтатын махаббат кейіпкерлері Әзілхан Нұршайықов пен жары Халима Өзбақанова ойға оралары анық. Бұл кісілерге қарап махаббаттын ұлы сезім екеніне толығымен сенемін. Бір-біріне 9 жыл ғашық болып, 54 жыл татулыққа өмір сүрген қос ғашық. Өмірде кезіккен қиыншылықтарды бірге жеңіп, адалдық пен адамдықтың ақ туын биікке көтере білген жандар. Жазушы өзінің жарына деген адал махаббатын Халима апа қайтыс болған соң жарық көрген «Мәңгілік махаббат жыры» атты кітабында жазады. Халима апанын бойындағы әрбір қазақ қызында болуы тиіс қасиеттерді бейнелеп көрсетеді. Мәңгілік махаббат иелері дүниеге екі ұл, екі қызды әкеп, оларды адамдық қасиетімен тәрбиелеп, артынан өшпес мұра қалдыра білді. 

Тағы да мәңгілік махаббат иелерінің бірі тағдырдын басқа салған қиыншылығына сабырмен шыдаған жазушы Немат Келімбетов пен жары Қуаныш Тазабекқызы. Бұл кісілердін махаббат хикаясы халық арасында кең танылған. Немат атамыз жол апатынан қатты жарақаттанып, сан жылдар төсек тартып, жатып қалады. Осынау қиын-қыстау уақытта адал жары жанынан табылып, әркез қолдау көрсетеді. Бұл жайлы жазушы өзінін «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монологында баяндап жазады. 

Қазіргі таңда шынайы махаббат кейіпкерлері бар ма? Әрине, ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайды. Отбасы болғасын  ұрыс-керістін болары анық. Дегенмен, осындай уақытша ұрыстын кесірінен ажырасып кетіп жатқан отбасылар қаншама. Қазіргі қоғамның басты жауы да – осы ажырасу. Жетім қалған балалар, жылаған әйел мен абыройсыз қалған ерлер тағдыры. Неліктен? Ажырасқан ерлі-зайыптылар да бұрында бір-біріне ғашық болып, ынтызарлықпен отбасы құрды емес пе?! Енді неліктен ажырасады? Неліктен балалар бақытты балалық шақтарымен ерте қоштасады? 

Бұл сұрақтарды әрбір адам өзіңе қойып, жауабын өзінен табуы керек деп ойламын. Өйткені ерлі-зайыптылар арасындағы ұрысты тек өздері ғана шеше алады. Тек ұмытпайтын жәйт, олар да ғашық болған! Ғашықтық сезімін аялай алса екен!


Досыма күйзелістен арылуға қалай көмектесемін?
Педофилдің құрбаны болған жас қыздың тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу