Досыма күйзелістен арылуға қалай көмектесемін?
Жаны қиналған адамға көмектеcкің келеді. Тым болмаса, тыңдағың келеді. Сен қанша тырыссаң да, ол өзі түскен тұңғиықтан шығуға ұмтылмайды. Кейде тіті айтарға сөз тапайсың... Досың депрессияға түссе не істеу керек?
Тыңдаңыз, одан пайда болмаса келер қадамдды жасаңыз. Досыңызға дәрігермен сөйлесуді ұсыныңыз. Психолог оған депрессиялық жағдаймен күресуге көмектеседі.
Бар екеніңізді ұқтырыңыз. Ол адам сіз үшін маңызд екенін ұғынуға жағдай жасаңыз. Айтыңыз, біліп жүрсін!
Позитивті энергия бөліңіз. Мәселелерді минус деп емес, мүмкіндік деп бағалайтыыныңызды таныта біліңіз. Жағымды аураңыз жаныңыздағы адамның жанын жылытып, жадыратады.
Сендіріңіз. Осы уақытқа дейін еңбегінен қандай жетістікке жеткеніне басымдық беріп сипаттаңыз. Ұмтылғанның ұтылмайтынын сездіріңіз. Армансыз күні болмайтын адамның тағдыры шуақты боларын түйсігі білсін.
Қызықты орындарға апарыңыз. Тым болмаса, бірігіп қызықты фильм қараңыз. Концерт я оқыған кітабыңыздың мазмұнын айтып беріңіз. Досыңызға "өмірде орындағым келетін" 50 іс деген тізім жасатыңыз.