Бір сағат ішінде жүкті болған әйел сол уақытта босанып қалды
Индонезиялық Хени Нураени бір сағат ішінде жүкті болып және босанып үлгерді.
"Мен үйде болдым және ештеңе сезінбедім. Алайда, көп ұзамай ішімнің қозғалғанын сезіндім. Содан кейін менің толғағым басталып, босандым", - дейді әйел.
Әйелдің сөзінше, оның денсаулығында ешқанай кінәрат болмаған.
Хасан Садикин атындағы аурухана дәрігерінің мәлімдеуінше, әйелдер кейде жүктілікті сезбейді, бұл 25 мың адамда бір рет кездеседі. Маман бұл құбылысты "жасырын жүктілік" деп сипаттады.