Индонезияда екі бірдей жойқын жер сілкінісі тіркелді

Oinet.kz 24-04-2023 801

Жер сілкінісі 23 сәуірде Индонезияның Кепулауан Бату архипелагы маңында екі рет тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтының жазуынша, Алғашқы дүмпу таңертең тіркелген, оның магнитудасы 6,1 балл болды. Араға бірнеше сағат салып, 5,8 баллдық дүмпу сезілген. Жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.

Айта кетейік, Үнді мұхитындағы Бату архипелагына 48 арал кіреді. Олардың ішіндегі ең үлкені – Танахбала.

«Үйіме барудан қорқамын»: Теміртауда әйел бұрынғы сүйіктісінің аңдып, маза бермейтінін айтты
«Доқ көрсетіп құтырып кеткен»: Белгілі заңгер телефон жөндейтін сақалдыларды тексеруді талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу