Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Теміртау тұрғынын бұрынғы сүйіктісі аңдып жүр. Ер адам әйелдің үйі мен жұмысының алдына келіп,оған психологиялық қысым жасайды екен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әйелдің үйінің бақылау камераларындағы бейнежазбадан скриншот
Әйелдің айтуынша, ол тіпті есіктің құлыптарын бұзып тастайды.
“Бұрынғы азаматтық некедегі жұбайым маған тыныштық бермейді, пәтердің құлпын бұзып тастайды. Күн сайын аңдып, түнде есігімнің жанында тың тыңдайды. Сымдарды үзіп кетеді”, – деді теміртаулық әйел.
Әйел жақында таңертең жұмысқа шыққанда, ер адам әйелдің қолынан кілтті тартып алғанын айтты. Сонымен бірге ол подъезде үйіне бара жатқан көрші әжені итерген. Соның кесірінен егде тартқан адамның қолы сынған.
“Тіпті үйімнен қашып, құрбыларымның үйінде тұруға мәжбүр болдым. Өз пәтеріме барудан қорқамын. Жұмыстың жанында мені достарым немесе көршілерім қарсы алады”, – деп шағымын жеткізді ол.
Ерлі-зайыптылар шамамен 10 жыл бірге тұрған. Әйелдің айтуынша, күйеуі қол көтеріп, жиі жанжал шығаратын болғасын, кетіп қалған. Алайда бұрынғы күйеуі әйелді жайына қалдырар емес.
Қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің айтуынша, әйел 2014 жылдан бастап бұл ер адамға қатысты полицияға 20 рет жүгінген. Оның ішінде үш өтінішінен бас тарылған. Соңғы үш жылда ол қауіп, мүлікке зиян, отбасылық жанжал бойынша бес мәлімдеме жазды.
“Полиция бірге тұратын адамға қатысты сегіз қорғаныс ұйғарымын шығарды, сонымен қатар ол сегіз рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соңғы қорғаныс бұйрығы ер адамға 2023 жылдың 10 сәуірінде берілді. Оған әйелдің еркіне қайшы оны іздеуге,аңдуға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге немесе басқа жолдармен байланыс орнатуға тыйым салынады”, – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД.
Аталмыш бейнежазбадағы оқиға 18 сәуірде болған. Құқық бұзушының орналасқан жері анықталғаннан кейін ол 461-бап Қорғау нұсқамасын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.