Ішімдік беріп, дәрменсіздігін пайдаланған: Көршісі жалғызбасты әкенің сеніміне кіріп, қызын зорлаған

Oinet.kz 14-04-2025 993

Алматыда 13 жасар қызға ішімдік беріп, азғындаған педофил көрші әлі жазасын алмай жүр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Бұл туралы адвокат Асентай Ақаев желіде жазды. Оның айтуынша, педофил 13 жасар қыздың әкесінің жалғызбасты екенін пайдаланып, сеніміне кіріп, рұқсатымен қызды мектепке апарып, әкелуге көмектесіп жүрген. 

Алайда кейін қызға ішімдік беріп, зорлап, ешкімге айтпауды бұйырып қорқытқан. Шындық белгілі болса, да қыздың әкесі кінәлі бостандықта, жазасыз қала ма деп қорқады.

Оқиға 2023 жылы Түрксіб ауданында болған. Көршісі 13 жасар қыздың анасының жоқтығына байланысты әкесінен сенімхат алып мектепке апарып, әкеліп жүрген. 

Қызға алдымен ішімдік беріп, кейін дәрменсіз күйін пайдаланған

“Бір күні көршісі 13 жасар қызға ішімдік беріп, кейін оның дәрменсіз күйін пайдаланып, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Анасыз өсіп келе жатқан 13 жасар қыз ұялып, қорыққаннан болған оқиға туралы ешкімге айтпаған. Бұл оқиға оның психикасына әсер етіп, болашағын бұзды. 

Баланың айтуынша, зорлық-зомбылық әрекеттері бірнеше рет болған. Қыздың әкесі жұмыста болған кезде, ол бірнеше рет зорлық әрекетін жасап, өзінің ұялы телефонына оқиғаны видеоға түсірген. Кейінірек бұл телефонды ер адам құрбысына сыйлаған. Әрине, іс полицияға жеткен кезде күдікті өз телефонын құрбысынан қайта сатып алып, ішіндегі деректерді жойып жіберсе керек”, – деді заңгер. 

Адвокат күдіктіден жазбаларды табу үшін тінту жүргізуге өтініш берген. Алайда тергеушілер бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. 

“Ер адам өз істегендеріне өкінбестен 2024 жылы кәмелетке толмағанға күш қолдана бастаған. Оны ұрып-соғып, оның еркінен тыс табиғи емес жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. 2 жылдан кейін бала күш жинап, көршісінің әкесіне зорлық-зомбылық фактісі туралы айтқан.

Осыдан кейін баланың әкесі Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция бөлімшесіне Алматы қалалық полиция департаментіне жүгінген. Онда арыз Қылмыстық кодекстің 122-бабы (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша тіркелген. Дегенмен күдіктінің әрекеттерінде баланың сөздерінен 120-бабында 3-1- 4-бөлім бойынша (кәмелетке толмағандарды зорлау) аса ауыр қылмыстар санатына жататын белгілері байқалады”, – деп қосты маман.

Күдікті “келісіммен болды” деп мойындамайды

Полицияға жүгінгеннен кейін, қыздың әкесі іс басшылық бақылауына алынып, күдікті заң бойынша лайық жаза алады деп үміттенген. Тергеудің аяқталып, сотқа жіберілуін күткен.

Алайда кәмелетке толмаған бала күдіктіні зорлаған адам ретінде тікелей көрсетсе де, сараптамаға сәйкес "жәбірленушінің қыздық пердесі өтініш бергенге дейін бұзылған" болса да, күдіктінің “келісімімен болдық” деген сөзі есепке алынған.

“Зорланған қыз 13 жаста болған. Қайдағы келісім болуы мүмкін? Алайда Түрксіб ауданының тергеушісі күдіктіні ұстап, істі сотқа жіберудің орнына қылмыс құрамының болмауына байланысты істі заңсыз тоқтатқан. Күдікті баланың әкесіне бірнеше рет келіп, кәмелетке толмаған жәбірленушіден айғақтарын өзгертуін талап еткен. Өзін жауапкершіліктен босату үшін қыздан полицияға 15 миллион теңге беруді сұраған. 

Алайда әкесі айғақтарды өзгертуден бас тартып, күдікті ұсынған 15 миллион теңгені алмаған. Мүмкін күдікті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пара беру туралы айтқан кезде шынымен ниеттенген шығар? Бүгінде Түрксіб ауданының прокуратурасы тергеушінің заңсыз шешімінің күшін жойды”, – деп қосты ол. 

Бірақ кінәлі адам бүгінге дейін ұсталмаған. Ал қыздың әкесі кінәлі адамның құқық қорғау органдарының көмегімен қайтадан жауапкершіліктен құтылып кете ме деп қорқады.

Stan.kz тілшісі осы жайтқа байланысты Алматы қаласының полиция департаментінен пікір сұрады.

“Қазір бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қажет сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Тергеу барысы мен нәтижелері полиция департаменті басшылығының бақылауында. Нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданады”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

«Ұйықтап ал, түнімен ұйықтатпаймын»: Бойжеткен пойыз жолсерігінің азғын әрекетін әшкереледі (ФОТО)
«Абайлап сөйле дегенмін»: Марқұм Шерзаттың әкесі Айтбекпен байланысын неге үзгенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу