Оқу ақысына төлейтін ақшасына шырт киініп алды

Oinet.kz 08-11-2019 1114

Жастар.jpg

Студенттік кезеңнің қызығы мен шыжығы қатар жүреді емес пе?!  Әсіресе туған жерінен, қаласынан жырақта оқып жүрген студенттерге қиын болатыны сөзсіз. Осыдан бес жыл бұрын Астанаға оқуға түсіп, Елорда жастарының қатарын толықтырдым. Шәкіртақы алмайтын болғандықтан Жамбыл облысынан әке-шешемнің маңдай терімен салып жіберген ақшаларын үнемдеу ұстауға тырысатынмын. Бір бөлмеде тұратын группаласым Гүлдана да менің жерлесім. Өзім секілді ақылы негізде оқиды. Екеуміз алғашқы күннен-ақ тез достасып, араласып кеттік. Дүкеннен күн сайын тәттілер, апта сайын жаңа киім алып жүргеніне қарғанда дәулетті отбасының қызы шығар шамаладым. Арада үш ай өткесін құрбымның анасы қызын көруге Астанаға келді. Қонағымызды пойыздан күтіп алып, бөлмемізге алып келдік. Байқасам анасы өте қарапайым, ауқатты әйелге ұқсамайды. Шәй үстінде әңгімелесіп отырып анасының осында келу үшін, бір жағынан оқу ақысын төлеу үшін туыстарынан қарызға ақша алғанын білдім. Бір күн қонақ болған Қалдыгүл апай ертесіне бізбен қоштасып, кері қайтты. Құрбым сол күні-ақ базарға барайық деп қолқа салып қоймады. Анасы қарызданып тапқан ақшасын Гүлдана оңды-солды жұмсағанда қарап тұра алмадым. Әрекетінің дұрыс еместігін айтып, ақшасын үнемдеуге қанша үгіттегенімен менің сөзіме құлақ асар емес.  «Ой, уайымдама, емтихандарыма ақша керек болып жатыр десем, үйдегілер ертең-ақ салып жібереді» деп бөсіп тұр.  

Не керек, бір жылдан кейін Астананың қымбатшылығына шыдас бермеген құрбым оқу ақысын төлей алмай сырттай бөлімге ауысып, Жамбылға қайтып кетті. 

Осы оқиғадан студент жастар сабақ алса екен деймін. Ұл-қызын білім алсын деп жыраққа жіберген ата-аналар күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылатынын білесіздер ме? Балам аш жүрме екен деп уайымдап, өздері нәр тартпаса да тиыннан тиын құрап сізге беретінін білесіз бе? Төрт-бес жылдың ішінде бөтен қалада сіз қалай қиналсаңыз, әке-шешеміз екі есе қиналатынын сезесіз бе? Сондықтан дүниедегі ең асыл жандарымыздың маңдай терімен табылған әр тиынның қадірін біліп жүрейікші. 

Сезім Құралбек, 

Жамбыл облысы 

Тойға шақырту
​Күлкі – жанның шипасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу