Полицейлер «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай кіші футболдан ашық турнир өткізді
«Отанға қызмет – абыройлы міндет». Осы тұрғыда Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Даңқ» стадионында «Қазақстан полициясына 30 жыл» толуына орай кіші футболдан ашық турнир өткізді. Жарысқа аудан жастары арасынан 13 команда қатысты. Турнирдің басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, спортқа қызығушылықтарын арттыру.
Турнир Қазақстан Респбликасының Әнұранымен бастау алды. Сайысқа қатысушылар өздерінің спортта жүйрік, алғыр екендігін көрсете білді. Өздерінің жылдамдықтарымен дараланып жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы сыйлықтар берілді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін атап айтар болсақ: I-орынды «Аққолтық», II-орынды «Бауырлар», III-орынды «Степной» командасы алып, керемет ойын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар турнирге қатысушылар арасынан «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» , «Үздік шабуылшы» номинациялары да анықталып, марапатталды.
Бұндай шаралар жастардың зиянды әрекеттерден аулақ болуына септігін тигізеді. Сондықтан полицейлер бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі