«Халифат құратындарды аямау керек» Заңгер Қайрат Құдайбергенге шүйлікті
Заңгер Айгүл Орынбек кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге қарсы шықты. Қоғам белсендісі кәсіпкерді тергеуге алу керек деген ойын жеткізді.
Бұған дейін Қайрат Құдайберген “Дикий” Арманды қолдап, онымен алаңда бірге жүргенін мәлім еткен еді.
“Біз такибиристер елі ме едік?! Әлде Исламистер елі ме едік? “Такбир” , “Аллаһу Акбар” депутаттың айтатын сөзі ме? ҚР Алматы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шұғыл түрде тергеуге алу керек. Елдің тәуелсіздігіне сатқындық жасағандар, өздерінше халифат құрғысы келгендердің ешқайсын аямау керек!”, – деп жазды Айгүл Орынбек.
"Алаңда адамдарды сабырлыққа, мейірімділікке, бейбітшілікке шақырған кезде, провокаторлар Арманға бөтелке, таяқ, тас лақтыра бастады. Мені таныған ел басқа жаққа алып кетті, ал Арманды аямай сабады, біреу арттан келіп таспен басын жарды. Одан кейін Арманның жігіттері (оның арасында біздің де еріктілер бар) емханаларды қорғауға алды, тегін азық-түлік таратты, бұзақыларды ұстады. Арманның қандай қылмыстар жасағанын мен білмеймін, бірақ бұл ситуацияда өзін ер ретінде көрсетті", – деді Қайрат Құдайберген.