«Құрметті Президент, полицейлердің айлығы 500 мың теңге болсын» - Айгүл Орынбек

Oinet.kz 13-01-2022 6595

Танымал заңгер Айгүл Орынбек ел қауіпсіздігін қорғап жүрген полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек деп есептейді. Себебі олардың жұмысы өте ауыр. Өмір мен өлім арасында арпалысып жүреді. Бұл туралы заңгер Facebook парақшасында хабарлады.

Screenshot_16.jpg

"Қоғамда қауіпті әрі қара жұмысты Полиция атқарады, бірақ  олардың жұмысы ешқашан бағаланбайды!

Ел басына күн туғанда, көшеге шығып халыққа қалқан болып, қорғайтын кезде - полициядан басқа ешқайсысын таппай қаласың! Әлгілердің біреуі де жоқ, індерінен шыға алмай қалады!

Кешегі қырғында да “халыққа оқ атпау керек” деп, қаншама полиция қызметкерлері таяқтың астында қалған. Қаза тапқан тәртіп сақшыларын да көз көріп отырмыз…

Ал полиция қызметкерлері жылдың қай мезгілінде де  азаннан қара кешке дейін аяқтан тозып, қоғамның тыныштығы үшін күн-түн демей жол бойында тұрып, сәт сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келіп, қылмыскерлерді артынан қуып жүріп құрықтап, түрлі санаттағы қылмыстарды ашқандарына… ары кетсе 180 мың теңге айлық алады! Рас қой?! Премия түгілі, пәтерақы төлемін түгел алмайды!

Қарап отырсақ, адам тұрмақ мысығы жоғалса немесе аулаға  біреу тышып кетсе де полиция шақырамыз, қоғамдық тәртіпті бұзды, көмектес деп! Ал сол тәртіпті бақылауға алып, заң шеңберінде қалпына келтіретін сақшылардың еңбегін еш бағаламаймыз! Көрмейміз де! 

Айтайын дегенім, Қазақстанда қоғам болып жұмыла Мұғалімнің мәртебесін көтердік, енді Полиция  қызметкерлерінің мәртебесін көтерейік! Еңбек пен антқа деген адалдық әділ бағалануы керек! 

Құрметті Президент Қасым Жомарт Кемелұлы! Полиция қызметкерлерінің айлығын 500 мың теңгеге көтеруді сұраймын!" - деп жазды заңгер.

«Халифат құратындарды аямау керек» Заңгер Қайрат Құдайбергенге шүйлікті
«Ол сенің кредитіңді төлемейді» - Мәдина Сәдуақасова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу