Әйел түсінің арқасында мол байлыққа кенелді

Oinet.kz 10-05-2023 887

Аустралияның Мельбурн қаласында тұратын әйел түс көріп, байлыққа кенелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Әйел лотереядан бір миллион аустралиялық долларын жеңіп алған. Сөзінше, комбинациядағы сандарды түсінде көріпті. 

"Мен үнемі ойында тек осы сандарды қолданамын. Бұл сандарды бірде түсімде көргенмін. Есімде сақтап, лотерея билетінде қолдандым", – дейді ол.

Жақында онлайн-аккаунтын тексерген әйел түсінде көрген сандардың арқасында миллионер атанғанын білген. 

Жеңімпаз атанған ол таңданысын жасырмады. Әзірге ақшаны қайда жұмсайтынын шешпеген. Бірақ ұтыс өмірін әлдеқайда жеңілдететініне сенімді. 

Займы на карту в Казахстане - Деньги в долг за 15 минут
Омега-3: Рыбий жир для улучшения здоровья
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу