Мұхтар Жәкішев: Қазба байлықты тамаққа айырбастап күн көріп отырмыз

Oinet.kz 06-04-2023 845

«Parasat» деген клуб құрған Мұхтар Жәкішев елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты білдірген пікірінде былай дейді:

4TYAIeP1.png

– Біз не сатып отырмыз? Біз пайдалы қазбаларды сатып отырмыз. Экспорттық позициямызға қарасаңыз, бәрі жердің астынан шығатын дүниелер. Қолдан жасап ештеңе сатпаймыз. Телефон, компьютер, тікұшақ сатып отырған жоқпыз, солай ғой? Жерді қазамыз да, астынан шыққан затты сатып, оның ақысына басқа елдердің валютасын аламыз. Сосын сол волютаға сырттан басқа заттарды ала аламыз. Енді халқымыздың тұтынушылық кәрзеңкесіне қараңыз. Біздің адамдар тапқан ақшасына не сатып алады? Негізінен азық-түлік алады. (Басқаға ақшасы жоқ. Телефон алса не қарызға алады, не несиеге алады). Енді қарауымыз керек, халықтың алып жатқан азық-түлігінің неше пайызы сырттан келеді? Егер 30-40%-ын шетелден әкелетін болсақ, біз тапқан валютамызды тамаққа айырбастап жатқан болып шығамыз. Яғни жерді қазып, қазба байлықты тамаққа айырбастап күн көріп отырмыз деген сөз. Ең алдымен осы дүниені өзгертуіміз керек. Азық-түлік түгелімен өзіміздікі болсын. Валюта, яғни мемлекет ретінде тапқан ақшамыз тамаққа жұмсалмауы керек. Тамақты өзіміздің теңгеге алуымыз керек. Басқаша айтқанда тамаққа жұмсалған ақша іште қалуы керек. Ол үшін не істемек керек? Азық-түліктің бір түрін мысалға алайық, соның 30%-ы сырттан келеді дейік. Біз 70%-ын шығаратын отандастарымызға хабарласуымыз керек. Сендер ана 30%-ды шығара аласыңдар ма дейік. Ол үшін не істеу керек деп сұрайық. Олар онсыз да сол шаруаны істеп жүргендіктен, не істеу керек екенін бізге айтып береді. Осы мәселені шешсек, енді бұл өнімді шет елге неге шығармаймыз деп сұрақ қоямыз. Не кедергі? Тасымал ма – мемлекет көмектессін. Алысқа апара алмаймыз ба, жақын шет елдерге апарайық. Шығынын жабатындай қашықтықты анықтайық. Мүмкін кейбір өнім түрі өте алысқа да апаруға болатын шығар. Осылайша, өнімдердің экспорттық потенциалын анықтаймыз. Мүмкін қаптама жасау қиын шығар бізде? Қаптама жасайтын зауыт ашайық. Қазба байлықты сатып тапқан ақшамызға шет елден зауыт сатып әкелейік. Ол зауытқа адамдар жұмысқа тұрсын. Ол зауыт біздің басқа өнімдерімізді сатуға септігін тигізсін. Кез келген саланы осылай шетінен реттей бастасаңыз, ол келесі бір салаларға жалғасып кетеді. Ауылшаруашылық техникасын шығару керек болатын шығар. Ол үшін метал өңдеу ісін реттеу керек болуы мүмкін. Солай-солай кете береді. 

Ертісбаевты партияның төрағалығына президент тағайындаған ба?
Террорист ел БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу