Полицейлер 303 қой, 8 атты тауып берді

Oinet.kz 25-01-2024 4654

Созақ ауданында «Қызыл жал» жайылымынан өзінің 303 бас қойын айдап келе жатқан Жартытөбе ауылының тұрғыны астындағы аты қашып кетеді. Жүйіткіген жылқысын қуып ұстап жүргенде малынан көз жазып қалады. Қас қарайғанда өзі таба алмасына көзі жеткен ол бірден учаскелік полиция инспекторына болған жайтты хабарлайды. 

Screenshot_4.jpg

Учаскелік полиция инспекторы Ерман Нұрәділ арызданушыны таңертең көлігіне мінгізіп алып, оқиға орнына жетеді. Осылайша малдың кетуі мүмкін аймақтарды мұқият қарап, ізіне түсу арқылы жоғалған ұсақ малды табады. Белгілі болғандай, 300-ден астам қой иесі болмаған соң түнгі уақытта басқа бағытқа жайылып кеткен. 

Табылған малдың иесі тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, қай кезеңде болмасын көмек сұрап хабарласқанда нәтижелі жұмыс көрсететіндіктеріне риза болды.

Ал, Мақтаралда тұманда жайылымдық жерден 8 атын таппай қалған тұрғын аудандық полиция бөліміне хабарласып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Хабар алысымен тәжірибелі тәртіп сақшылары арнайы топ құрып, іздеу жұмысына кірісті. Полицейлер жылқылардың жүруі мүмкін деген аймақтардың барлығын жіті бақылады. Соның нәтижесінде полиция қызметкерлері аз уақыттың ішінде тұрғынның жоғалған малды 20 шақырым жердегі тоғайдан тапты. 

Өз кезегінде мал иесі полицейлерге көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.

Кәсіпкерлерді алдағандар заң алдында жауап береді
Бас прокуратура Шүменовтің шулы ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу