Режеп Тайып Ердоған Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келеді

Oinet.kz 10-05-2026

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келеді.

Screenshot_3.jpg

Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтетінін жазған едік.

Полиция қазақстандықтарға табиғи және тарихи нысандарға қатысты қатаң ескерту жасады
Түлкібастағы бүтіндей ауыл алкогольден жаппай бас тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу