Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
Түркістан облысында бірнеше жылда мүлде қылмыс тіркелмеген ауылдар қатары көбеюіп келеді. Бұл – жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен полцейлердің қылмыстың болдырмау мақсатында бірлесіп жасаған жұмыстарының жемісі.
Атап айтқанда, 2022 жылдан бері 10 ауылдық округтен тұратын Ордабасы ауданының 4 ауылында – Төреарық, Жусансай, Аққойлы, Көлтоғанда қылмыс тіркелмеген. Тұрғындардың айтуынша татулық пен бірліктің арқасында ауыл биін сайлап, арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, кішісі үлкенінің тілін алып, бір-бірін құрметтеуі мен ішімдіктің сатылмауы қылмыстың тіркелмеуіне себеп болыпты.
– Біз бұл дәрежеге оңай жеткен жоқпыз. Учаскелік полиция инспекторларымен бірге рейдке шығудан шаршамаймыз. Түнгі уақытта көшеде жүрген жастарды көрсек, ақылымызды айтып, ата-анасына тапсырамыз. Шалыс басқандары болса, теріс бұрылмаймыз, қайта олармен жақын сөйлесіп, мәселесін бірге шешеміз. Қылмыстың басым бөлігі спирттік ішімдіктің салдарынан болатынын естіп жүрміз. Сондықтан ауыл арасында жергілікті атқарушы органдармен бірге іс-шаралар ұйымдастырып, кәсіпкерлермен келісіп, ішімдікті сауда орындарда, дүкендерде мүлде сатпау бойынша шешім қабылдағанбыз. Ешкімді ешкім мәжбүрлемейді. Біз бұндай қадамға өзара бірлесіп ұрпағымыздың болашағы үшін бардық. Ішімдік жоқ жерде, береке, татулық пен бірлік бар, – дейді осында туып өсіп, бүгінде абыз ақсақал атанған Мамед Багиров.