«Ол сенің кредитіңді төлемейді» - Мәдина Сәдуақасова
Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова халықты бірлікке шақырды. Бүкіл мәселені ақылмен шешу керектігін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz.
"Президентіміз аз уақыттың ішінде шешімдер қабылдап жатыр! Үкімет түгел отставкаға кетті, әкімдер халықтың алдына шығып бетпе бет кездесуде, газдың бағасы 50 теңгеге түсті , коммуналдық төлемдер бір тиынға көтерілмейді, бағаларды реттеуге тапсырыс берілді! Халықтың назын, сөзін, өтінішін елеген , естіген , сұрауын орындаған басшымызға мың алғыс!
Алаңға шығып бүкіл халықтың назын жеткізген барша батыр жүрек жандардың алдында бас идім! Демократиялық мемлекетте осылай болу керек , халықтың назын билік ескеріп, мүмкіндігінше орындауға тырысады! Бірақ, дәл қазір жәй ғана басын қосып үкіметке үндеу жасағысы келген азаматтарға сырттан билеп отырған, провокаторлар қосылды Өзіміздің туған қалаларымызды қиратып, быт-шытын шығарып, өртеп жатыр ! Полицейский, скорая, пожарный машинада Сіздің бауырыңыз немесе әкеңіз отырған шығар , семьямды асыраймын деп жұмысына шыққан ! Акиматта жұмыс жасап жатқан жандар өздеріңіздің жақындарыңыз, оны қорғап тұрған 150.000 т айлық алатын бауырыңыз! Сабырға келейік , ағайын ! Қазағымның қаны төгілмесін!
Ал әдейі бүлік шығарып жатқан , отанымызды қиратып жатқан провокаторларға айтарым: “Аңғал қазағым, ойлан! Біреудің көздеп жатқан мақсаты ол, бұрыннан жалғасып келе жатқан соғыстың сен жәй ғана марионеткасысың! Сені, сенің тағдырыңды, сенің отбасыңды ешкім ойлап жатқан жоқ, сен оған керек те емессің! Сенің кредитыңды төлемейді ол , ол өтірік әңгіме, ал қазір Каспиіңе түсіп жатқан ақшалар - арам ақшалар ! Сенің кесіріңнен, тып тыныш митингке барған адамның өмірі күрт өзгеруі мүмкін ! Оның отбасын сен асырайсың ба?! Бұл өмірде ең қымбаты адамның өмірі, тағдыры, берекесі! Сол бізде бар, ал кез келген проблеманы ақылмен, сабырмен шешуге болады!
Елімнің, халқымның, қазағымның амандығы, тыныштығы, әр отбасының ұйып тұрған берекесі қымбат мен үшін! Қазақстаныма бейбітшілік , халқыма сабыр бере көр Аллахым! Бәрі жақсы болып кетсінші Ей, Құдайым!, - деп жазды әнші.