Танымал журналист Жанболат Мамайды Әлеумет министрі етуді ұсынды
Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы үкіметке мемлекеттік тілді білетін ұлтжанды азаматтар келу керек деп есептейді. Ол "асфальтта өскен" азаматтардан халыққа пайда жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
"Тілі жаңа шыққан бала құсап шүлдірлеп ант берген "жаңа үкіметті" көрдіңіздер. Орысша ойлап, орысша сөйлеп, орысша түс көретін асфальтированныйлардан үлкен үміт күтуге болмайтынын 30 жыл көрсетіп берді.
Ау, акцентсіз, таза қазақша сөйлейтін бірі жоқ қой?!! Айналдырған үш сөйлемді ыңқ-ыңқ етіп айта алмай, оқи алмай тұрған адам қалай халықпен жұмыс істейтін менеджер болмақ?
Қолынан іс келетін, халыққа жаны ашитын адамдардың тізімін өзіміз жасап көрейікші:
Мұхтар Жакішев (Атом, энергетика)
Ораз Жандосов
Тоқтар Әубәкіров
Ғалымжан Жақиянов
Бергей Рысқалиев
Серік Ахметов
Ислам Әбішев (Экономика, Ауыл шаруашылығы)
Мұхтар Тайжан (Экономика, Ауыл шаруашылығы)
Бейбіт Исабаев (Ақпарат, Мәдениет)
Жүсіпбек Қорғасбек (Ақпарат, Мәдениет)
Нұртөре Жүсіп (Ақпарат, Мәдениет)
Жанболат Мамай (Саясат, Әлеумет)
Абзал Құспан (Заң, әлеумет)
Болат Нұрхожаев, Уайс Ерсайынұлы, Мәди Манатбек, Жәнібек Қожық, Құрал Сейітханұлы, Арман Хайруллин т.б. аудан, облыс әкімі болуға лайық азаматтар жетіп артылады. Осындай қолынан іс келетін, білімді, халыққа шын жанашыр адамдар халықтың ішінде толып жүр. Ал бұлар қайта-қайта асфальтта өскен, ыңқылдаған, мыңқылдаған "белый"-ларды тықпалайды....
Сіз кімдерді ұсынар едіңіз?
Өз басым, "резерв" дегендерді таратып жіберу керек деп есептеймін. Адам еңбек жолы арқылы, тәжірибе арқылы баспалдақпен өсу арқылы өзін көрсету керек, өзін дәлелдеу керек!" - деп жазды журналист.