Әйтенов уәдесін орындай ала ма?

Oinet.kz 31-05-2023 718

Құрылысы тым ұзаққа созылып кеткен Шымкент әуежайының жаңа терминалы биыл аяқтау үшін қажетті іс-шаралар қабылдау қажет. Осы аптадағы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осыған қатысты біраз мән-жайларды атап өтті. 

Осы аптадағы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осыған қатысты біраз мән-жайды атап өтті.

- Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы созылып кетті. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген еді. Алайда, сот ісіне және жер учаскесін уақтылы бөлмеуге байланысты бірқатар себептермен құрылыс процесі 4 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Шымкент қаласының әкімдігі биыл жобаны аяқтау бойынша барлық қажетті іс-шараны қабылдауы қажет. Атап айтқанда, бағалау сараптамасын жүргізіп, жер учаскесін беру рәсімдерін жеделдетуі тиіс, - деді Марат Қарабаев.

Биыл қаңтарда Шымкентке жұмыс сапарымен келген  Премьер-Министр Әлихан Смайылов Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысымен танысып, оны  жеделдетуді тапсырған болатын. Осы сапар барасында Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жобаның 80 пайызға аяқталғанын, терминалдың 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға берілетінін айтқан еді. 

Әйтенов премьерге берген әудесін қаншалықты орындай алады?

Тоқтардікі тоқтық па, жауапкершілік жоқтық па?
Нұржігітов тірлікті түзей алмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу