Бүгін Батырхан Шүкеновтың туған күні
18-05-2020
Танымал сазгер Жарылқасын Дәулет бір шаңырақ астында екі әйелімен тату-тәтті өмір сүруде. Оның айтуынша, көңілдеспен жүріп күнәға батқанша, адал некемен екі отбасын асыраған дұрыс деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап.
«Өзіме келсем, менде үш қыз, жалғыз ұл болды. «Жалғыз ұлға» деген әнді білесіздер. Ұлым жалғыз болып қала ма деп ойланып, осындай шешімге келдім. Мына жалғанда жалғыз ұлмен қалып кетуге немесе тағы да әрекет етіп ұрпағыңды көбейтуге болады екен. Мен ата-бабам істеген тірлікті істемесем, несін қазақпын деген ойменен екінші жар іздедім. Екінші әйел алған бір досым бар еді, соған достарың болса көрсетші деп айттым. Ол менің қажылықтан келген, Медреседе оқитын қарындасым бар, соған айтайын деді. Досымның қарындасы ақырында мені бір кісімен таныстырды. Өзі ажырасқан қыз екен. Екіншіден, дінде төрт әйел алуға дейін болады. Бірақ ол қыздың мінезі қиындау болды, өзі 24 жаста. Содан мен: «Саған үш ай уақыт берейін, мінезіңді түзетсең алайын» деп ол қызға үш ай уақыт бердім.
Үш айдан кейін тағы да қытығына тиіп, сөйлей салдым. Бұлқан-талқан болды. Сосын иманы әлсіз болып тұрған шығар деп, тағы да үш ай бердім. Алты ай өтті, бірақ қарым-қатынасымыз ойлағандай болмады. Досымның қарындасына рақметімді айтып, әңгімеміз жараспағанын жеткіздім. Осылай әңгімеден әңгіме туындап, ол кісі өзінің қызының үйде отырғанын айтып қалды. Ағам: «Осыдан тұрмысқа шықпасаң, бір шалға беремін» деп әзілдеп еді, не болса соған сенеді. Қызым жылап қалды» деді. Сол кез байқамай: «Онда қызыңызды маған бере салыңызшы» дедім.
Ол кісі «көрейік онда» деді. Исламда әзіл жүрмейтін заттар бар, оның бірі –неке. Айтарымды айтып алып, өзім сасқалақтап қалдым. Содан Айша ауруханада жатыр екен, сол жерге танысуға бардым. Жеткенше неше түрліні ойлап, не болса да мінезі жақсы болса екен дедім. Барсам алдымнан өзі аппақ, түрі әп-әдемі жас қыз келе жатыр.
Мен оның жас қыз екенін көрген соң: «Айналайын, сен тым жас және өте әдемі екенсің! Мен саған лайық емеспін! Сенің өзіңнің теңің болатын 25-27 жастағы жігіттер бар. Анаңның сөзін тыңдап, мені құрметтеп келгеніңе рақмет!»,-деп едім, ол: «Алланың алдында кімнің жас екенін сіз білмейсіз, Алла біледі ғой» деді. Өзім сасқалақтап қалдым, кетейін деп тұрғанмын. Одан кейін: «Айналайын, мен алпыс жасқа келгенде сен отыз жасқа келеді екенсің. Мен жетпіске келгенде, сен қырыққа келеді екенсің. Бұл қалай?» дедім.
Сөйтіп едім: «Алты айдан кейін сіз өліп қалсаңыз ше, бір жылдан кейін мен қайтыс болсам ше?! Адамның басы — Алланың добы ғой. Тағдырыңызды сіз қайдан білесіз?!» деді. Мен өзім ыңғайсызданып, екінші рет тосылып қалдым да: «Мінезім жаман еді. Саған бір апта уақыт берейін, ойлан, сосын бір жауабын айтарсың» дедім. Бір апта өткен соң хабарласып едім, келісімін берді»,-деді Жарылқасын Дәулет.
Сазгер екінші жарын алу үшін үйдегі бәйбішесімен ақылдаспағанын айтты. Айтуынша, шариғатта ондай дәстүр жоқ.
«Шариғатта ақылдасуға болмайды. Айша анамыз айтады: «Біз с.ғ.с Пайғамбардың әйелдерін тек көруге ғана баратынбыз» дейді. Әйелдермен ақылдасуға болмайды. Шариғат пен бабамыздың дәстүрінде ол жоқ.
Некемізді қидырғаннан кейін, ауылда той жасадық. Әйелдерінен қорқатын достарым тойыма келген жоқ. Әйелдері жібермеді. Мен соларға әйел әперетіндей көрінемін ғой",-деді ол.