Нығматулин ауған еліндегі жағдайды талқылауды ұсынды

Oinet.kz 30-11-2021 800

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының отырысында сөз сөйлеп, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты да өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Бейнеконференция форматында өткен жиында сөз сөйлеген Нұрлан Нығматулин қазіргі таңда ҰҚШҰ жуырдағы Душанбе Саммитінің қорытындыларын ескере отырып, Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің қызметін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бойынша жаңа міндеттер тұрғанына назар аударды.

Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚШҰ Бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі лауазымын тағайындау туралы бастамасының өзектілігіне назар аударды.

Нұрлан Нығматулин «Бітімгершілік қызмет және бітімгершілік күштер туралы» модельдік заңды қабылдау ұйымның бітімгершілік әлеуетін одан әрі дамытудың маңызды қадамы екенін атап өтті.

Жалпы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының модельдік заңдары мен ұсынымдарын әзірлеу кезінде прагматикалық көзқарасты ұстанудың маңызы зор екеніне мән берді.

- Біздің мемлекеттеріміздің басшылары ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарында нақты шешімдер қабылдаған кезде, сіздер мен біздің міндетіміз – олардың заңнамалық деңгейде іс жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ету.

Отырыста Мемлекет басшысының биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бастамалары және Ауғанстандағы жағдай туралы сөз болды.

Мәжіліс Спикері бүгінде өткір мәселелердің біріне айналған Ауғанстандағы жағдайға назар аударып, елдің ауқымды гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдында тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің бастамасымен түрлі бағыттар бойынша жұмыстар атқарып жатқанын алға тартты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин ауған еліндегі жағдайға байланысты Парламент өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, саясаттанушылар мен осы саладағы мамандардың қатысуымен жеке талқылау өткізуді ұсынды. Айта кету керек, отырыстарға ҰҚШҰ ПА қатысушы елдерден Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның Парламент палаталарының басшылары мен өкілдері, ал бақылаушы мемлекет ретінде Сербия қатысты.

Месси жетінші мәрте «Алтын допқа» ие болды
Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу