Месси жетінші мәрте «Алтын допқа» ие болды

Oinet.kz 30-11-2021 695

Әлемге әйгілі футболшы және қазір ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси жетінші рет "Алтын доптың" иегері атанды.

image.png

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Париждегі "Шатле" театрында Еуропадағы жылдың үздік футболшысын марапаттау рәсімі өтті. 

Мессиден кейінгі екінші орынды мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовский иеленді. Шартты түрдегі "қола" лондондық "Челси" мен Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоржиньоға бұйырды. 

Аргентиналықтың тікелей қарсыласы және бес дүркін "Алтын доп" иегері Криштиану Роналду биыл тек алтыншы орынға ие болғаны атап өтілді. Айта кетейік, ол марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартты. 

Месси өз сөзінде "Алтын допты" Америка Кубогында Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жеткенінің арқасында алып тұрғанын айтты. 

Дегенмен, ол жүлдені Роберт Левандовский алуы керек еді деген ойын жеткізді. 

Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директорымен кездесті
Нығматулин ауған еліндегі жағдайды талқылауды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу