Месси Пеленің «мәңгілік» рекордын жаңартты

Oinet.kz 23-12-2020 723

Аргентиналық футболшы, "Барселона" ойыншысы Лионель Месси Бразилия құрамасында әлемнің үш дүркін чемпионы Пеленің бір клуб үшін соққан голдарының саны бойынша жетістігін жаңартты, деп хабарлайды РИА Новости.   

Месси.png

Месси Испания чемпионатының 15-турында "Вальядолидаға" қарсы ойынның 65-минутында есепті 3:0-ге жеткізді. Бұл осы ойындағы соңғы гол болды. Енді 33 жастағы аргентиналық футболшының "Барселона" үшін соққан голы 644-ке жетті. Бұл - жаңа рекорд. 

Месси ұзақ жылдар бойы "Барселона" сапында ойнап келеді. Ол клубқа 2004 жылы келген.

Пеле "Сантос" клубында 1956-1974 жылдар аралығында ойнап, 643 гол соққан болатын.

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Мәжілісте жас министр сынға қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу