Тоқаев БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директорымен кездесті

Oinet.kz 30-11-2021 630

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Пандемияға қарсы күрес, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша күш-жігер жұмылдыру мәселелеріне баса мән берілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

image.png

Президент Қазақстанда пандемияға қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында коронавирустың жаңа штамдарына бірлесіп қарсы тұру үшін басқа елдерге үндеу тастағанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мультилатерализм жүйесінің негізі болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дүниежүзілік ұйымның қағидаттарына, мақсаттары мен міндеттеріне бейілді болды және солай бола береді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосатынын және осы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.

Кездесуде Орталық Азиядағы ахуал, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясын (UNAMA) Алматыда орналастыру мәселесі, орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның өңірлік орталығын өз аумағында құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы талқыланды.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, адам құқықтары мен бостандығы, гендерлік мәселелер сөз болды.

Татьяна Валовая Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, еліміздің осы уақыт аралығында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. 

Есікте жазда құрғап қалған өзен жағасы 330 миллион теңгеге абаттандырылады
Месси жетінші мәрте «Алтын допқа» ие болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу