Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов «AntikorLive» жобасы аясында сұхбат берді

Oinet.kz 30-11-2021 659

Screenshot_1.jpg

Сұхбат барысында сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алуға бағытталған шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша аудан әкімінің аппараты, аудан әкімдігінің бөлімдері, ауыл және ауылдық округ әкім аппараттарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін тікелей басшылардың тәртіптік жауапкершілігін енгізу мәселесі қатаң бақылауға алынған. Аталған мәселе аудан әкімдігінің аппараттық кеңесінің күн тәртібіне енгізілген.

Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінде 

55 іс-шаралар атқарылған.Оның ішінде дөңгелек үстелдер - 17, кездесулер –8, форум – 1, семинар – 12, лекция – 10, акция- 2, тренинг - 5 жүргізілген.

«Аудан бюджетінен үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» 2021 жылға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» атты әлеуметтік жобаға 700,000 мың теңге қарастырылған. Аталған жоба бойынша конкурстық жұмыстар жүргізіліп, «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 500,000 мың теңгемен жоба жетекшісі атанған», - деді Б.Қазанбасов.

Ашықтық пен қолжетімділік қағидаты қалай жүзеге асып жатыр деген Б.Ниязовтың сауалына- білім беру мекемелерінің қызметкерлерінен жыл басынан бері 540 анонимді сауалнама алынып, сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмағанын жеткізді.Кадр қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді қабылдау конкурстары тікелей эфир және әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетіндігін тілге тиек етті.

Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында,тұрғындармен кері байланыс орнату және әр ауылдық округ әкімдеріне арнайы ашқан whats up месенджерлері арқылы  тұрғындар арнайы сауалдарын қойып, мәселелерін жеткізеді. Жауапты мекемелер халықтың қойған сауалдарына дер кезінде жауап беретіндігін жеткізді. Сонымен бірге, Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық үгіт-насихат штабы» құрылып, елді мекендегі тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілетіндігін және «Адал көмек» акциясы аясында 56, «Антикор лайв» жобасы аясында 50 тікелей эфир жүргізілгені туралы ақпаратпен бөлісті.

Бақыт Алпысбайұлы сөз соңында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті», сондықтан да осы бағытта жүйелі жұмысты жалғастыруымыз қажет деген оймен өз баяндамасын қорытындылады.

Сұхбат барысында өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылып,әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен сұрақтарға спикер тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Нығматулин ауған еліндегі жағдайды талқылауды ұсынды
Басқарма басшысы баяндама жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу